Ұлттық Кітап күні: Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған әдеби кеш
23.04.2024 күні ұлттық Кітап күніне орай оқу сауаттылығы апталығында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу залында кітапхананың ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы негізінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихына елеулі үлес қосқан зор тұлғалары Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың еңбектеріне арналған әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты – студенттерді ұлттық әдебиетіміздегі көркем шығармаларды оқуға баулу және насихаттау, рухани құндылықтарға дәріптеу, отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Қазақ көркем әдебиетіне, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға, прозаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Кеш мағлұмды және қызықты өтті. Оған колледжіміздің білімді студенттері қызыға қатысып, жазушылардың шығармаларын ұшқыр ойларымен талқылай түсіп, барынша білгірлік пен шапшаңдық танытты. Акция соңында оқырмандарға кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесі жүйелі түрде таныстырылды.
Қадірлі оқырман, биылғы жылға ел болып оқуға таңдалған екі автордың шығармаларын біздің кітапхана қорынан алып оқи аласыздар. Жыл таңдауын бірге оқиық!
Іс-шараға жауаптылар:
Шөменбаева С.С., кітапхана меңгерушісі
Рахимжанова Ш.Қ., кітапханашы
Қатысқан студенттер: 20 оқырман.