«Жыл мерейтойгерлері 15 минутта» әдеби подкасты өтті
22.04.2026 ж. «Адал азамат & AI-интеллект» Оқу сауаттылығы апталығы аясында оқу залында кітапхана мен тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жыл мерейтойгерлері 15 минутта» әдеби подкаст өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқу ынтасын жетілдіру, әдебиетке деген қызығушылығын ояту және заманауи формат арқылы білім алуға мүмкіндік жасау.
Подкаст барысында студенттерге қазақ әдебиетінің мерейтой иегерлері жайлы қысқаша сұрақтар берілді. Қатысушылар әдеби тұлғалар жайлы мазмұнды мәлімет айтып, олардың әдеби қырларын танытып, өз ойларымен белсенді бөлісті.
Аталған іс-шара қызықты, танымды және әсерлі өтті. Осындай заманауи форматтағы шаралар оқу сауаттылығын дамытуға және рухани құндылықтарды насихаттауға зор үлес қосатыны анық.
Іс-шараға жауаптылар:
Шөменбаева С.С., кітапхана меңгерушісі
Рахымжанова Ш.Қ., кітапханашы
Қайсар А.Б., кітапханашы
Рахметолла Р.Е., кітапханашы
Күржікен Б.Қ., оқытушы
Қатысушылар: 9-1-ОДД-25 тобының студенттері Қуатбекұлы Нұртас,
Берік Біржан, Нұрланқызы Дилнара.
