Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған «Аққан жұлдыз» романын таныстыру: Кітап оқуға шақыру және шығармашылық қабілеттерді дамыту

22.04.2025ж. «Оқу сауаттылығы апталығының» аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша оқу залында колледж кітапханасы мен тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-академик, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай «Сәбит Мұқанов және әдебиет» атты букктрейлер (кітап жарнамасы) өткізілді.

Мақсаты – оқырман қауымға қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығынан тереңірек түсінік беру. Кітап оқуға баулу, халқымыздың беделді жазушыларының шығармалшылығын оқып білуге құштарлықтарын ояту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Шараға №1 ЖББ-нің 1 курс студенттері белсене қатысып, жан-жақты шеберліктерін көрсетті. Олар жазушының «Аққан жұлдыз» романын тереңінен талқылап, жарнама ретінде басқа студенттерге оқуға ұсынды. Сондай-ақ, оқырмандар назарына қаламгер жайында бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Іс-шараға жауаптылар:

Шөменбаева С.С., кітапхана меңгерушісі

Рахимжанова Ш.Қ., кітапханашы

Күржікен Б.Қ., Сүлейменова Ж.Қ., тілдер кафедрасының оқутышылары