Адал азамат & AI-интеллект»: цифрлық мұраға жаңа көзқарас
21.04.2026 ж. колледж кітапханасы студенттер назарына «Адал азамат & AI-интеллект» оқу сауаттылығы апталығы аясында Цифрлық мұра: «Цифрлық дәуірдегі Адалдық» тақырыбында цифрлық сторителлинг және буктрейлер дайындап, оның алдын ала көрсетілімін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің оқу сауаттылығын арттыру, цифрлық ортада адалдық қағидаларын насихаттау және шығармашылық, ақпараттық дағдыларын дамыту.
Көрсетілім барысында қатысушыларға арнайы әзірленген цифрлық сторителлинг жобасы ұсынылып, маңызы түсіндірілді. Буктрейлерде таңдалған әдеби шығарманың мазмұны заманауи форматта, көркем визуалды және дыбыстық эффектілер арқылы көрерменге әсерлі жеткізілді. Бұл студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырады. Шара танымдық, тәрбиелік мәні зор форматта өтті.
📚 21.04.2026 г. библиотека колледжа в рамках Недели читательской грамотности «Адал азамат & AI-интеллект» подготовила цифровой сторителлинг и буктрейлер на тему «Цифровое наследие: Адалдық в цифровую эпоху» и провела их предпоказ.
